Кен орындарын игеруге байланысты тау-кен қазындыларында жиналатын жерасты суы. Жеке шахталарға, карьерлерге қосылатын к е н і ш т і к с у д ы ң мөлшері жазықты, қыратты жерлерде аз, ал таулы, климаты ылғалды аймақтарда мол болады (ҚҰЭ). Кен қазу жұмыстары сульфидті кентас не пириті көп көмір қабаттары арқылы жүргізілген жағдайда к е н і ш т і к с у сульфат ионына, темір, алюминий т.б. металдардың қосылыстарына қанығады (ҚҰЭ). К е н і ш т і к с у кен ашу жұмыстарын жүргізуге көптеген қиындықтар туғызады (ҚҰЭ).