Кеншілік

lat: Kenshilik

з а т е с і м. 1. Жер қойнауынан пайдалы қазба байлықтар өндіретін кәсіпорын. Біз к е н і ш т е г і еңбек және жалақы бөлімінде болып, мердігерлік әдіске қалай көшеміз, үнемді қайдан, неден іздеу керек, инженерлік қолдау дәрежесі қандай болмақ, тағы басқа жайларды ақылдасып, талдап, ішкі резервтерге, бригаданың кәсіби мамандық ауқымына назар аудардық («Соц. Қаз.»). К е н і ш т е г і жұмыстардың қосалқы түрлеріне қазбаларды жөндеу, желдету; шахта (карьер) ішіндегі суды сыртқа шығару, электр қуатымен, ауамен және сумен қамтамасыз ету, адамдарды шахтаға түсіріп-шығару, кен сапасын, кен қазу процесін геологиялық және маркшейдерлік әдістермен бақылап отыру, т.б. жатады (ҚҰЭ). Қазіргі к е н і ш т е р автоматты басқару, бақылау және байланыс техникасымен жабдықталған, өндіріс процестері толығымен механикаландырылған (ҚҰЭ). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Береке, байлық, молшылық. Арам, арам түбі реніш, Адал, адал түбі к е н і шақал). Әрбір уайымайғы ойлаған кісі не дүние шаруасына, не ақырет шаруасына өзгеден жинақтырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі к е н і ш болса керек (Абай, Тол. жин.). Біз өзімізді пессимист санаймыз. Қарыштап алға басқан берекеге, бірлікке, бақытқа к е н і ш кең заманда, теңдік заманында өмір сүріп отырмыз (М.Мағауин, Көк мұнар.).