Кепіл ұстаушы

lat: Kepil ustaýshy

Кім уәде береді, кім дәлел, айғақ болады, сенім бар ма деген мәндегі күмәндануды білдіретін сөзқолданыс. Ойлап тұрса, сол жауы іргесінде, Ойлап тұрса, сол жаудың түрмесінде “Айламен алдарқатып кеткен дұшпан, К і м к е п і л қайта шауып кірмесіне?!” (М.Мақатаев, Шығ.). Өлмейтін пенде жоқ. Шейіт кетті-ау не серке... Бізге де кезек күні ертең Келмесіне к і м к е п і л? (М.Жұмабаев, Шығ.). Ел басқарған ағамыз бізді адастырып кетіпті деп, ертеңгі жастың бізді кінәламасына к і м к е п і л? (М.Дүзенов, Әке.). Баланы өзімен-өзі болды ғой деп, уыстан шығарып алмау керек. Жатырқау дәл осы арадан басталмасына к і м к е п і л? (К.Баялиев, Дегелек.). Космос корабльдерінің қорабын тыстайтын металдың Теміртаудікі еместігіне к і м к е п і л? (Ш.Есмұрзаев, Ильич хаты). Мал аямай пейілді салсаң кеңге, Жарастырар табылар аға-жеңге, Жер өртеуге жетеді бір шағым қу, К і м к е п і л бола алады осы екі елге? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).