[жырта] қарыс. а) э т н. Маңдайға, қастың арасына, бет пен жаққа, ауызға, азу тіске, иық жауырын сүйекке, сондай-ақ жылқының құлағына, жал етіне, шоқтығына, қолтығына, бұт арасына, алдыңғы аяқтан артқы аяқтың асып түскен ізі сияқты қашықтықтарға қатысты бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасын керіп есептегендегі халықтық өлшем. Шамасы к е р е қ а р ы с болып қалар («Қаз. әдеб.»). ә) а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кең, ашық. Келген екі көзі қыран бүркіттің көзіндей, к е р е қ а р ы с жазық маңдайына жараса біткен қалың қара қасы бар, қара сұр жігіт екен (Ә.Әбішев, Шығ.). К е р е қ а р ы с маңдайы, Басында көне далбағай. Секілді екен көздері Жарқ-жұрқ еткен найзағай (О.Шипин, Дастан.). Жұмабек езуі керек қарыс далиып, мәз болып тұрған Ермекті көргенде, жарылып кете жаздады (Т.Ахтанов, Таңд. Шығ.). б) Ұзын. Дәрігерлік пункте келген еркектің жыртақарыс жалпақ бетінің иек ұшындағы шіл құйрық сүйір сақалы да өзінікі емес, басқа біреудікі сияқты (Т.Ахтанов, Таңд. Шығ.).