Керенау

lat: Kerenaý

Жайбарақаттыққа салынды, енжарланды; жалқауланды, селқос, салқын қарады. Кейіме, інім, Керемет күндер алдыңда. Кемсіне берме, К е р е н а у т а р т с а, тағдырға (М.Мақатаев, Шығ.). Мырқымбай кейде к е р е н а у т а р т ы п жалқауланады, кейде көк шолағын жегіп, болымсыз еңбектің күйбеңінде жүреді (I.Омаров, Серпін). Жиі болмаса да, жастар арасынан к е р е н а у т а р т ы п, іске салқын қарау сияқты кемшіліктер де кездеседі (Б.Мадиев, Өрендер). Семьяның қамы, тірлігі, бақылауы бар. Одан сырт бала кейде оқуға к е р е н а у т а р т а д ы (Ақ би).