ү с т е у. Жай қимылдап, керіліп-созылып, асықпай. Тоқаш орнынан тұрды. Құрышпай да к е р е н а у л а п түрегелді. Бәкен қозғалған жоқ (З.Шашкин, Тоқаш Бокин). Ақан газет жайында сөз болатынын сезді де, к е р е н а у л а п төмен түсті (З.Шашкин, Өмір.). Көксерек к е р е н а у л а п зорға тұрып, қырыстанып артына қарап, ол да аяңдады (М.Әуезов, Қараш.). Ақбілек туып-өскен ауылына жетті. Ауылда иттер шулайды: қотанда қой маңырайды. Аспанда торғай шырылдайды. Қырындап ұшқан құс Сасы ала к е р е н а у л а п мыңқылдайды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Арқамызды қиқаңдатып, к е р е н а у л а п, мұрынымызды тыржитып, киімдерімізді іздей бастадық (Ж.Аймауытов, Шығ.).