з а т е с і м. ө с і м д і к.<лат. limonium> 1.Тамырынан сары түсті илік зат (бояу) алынатын қорғасын шөптер тұқымдасына жататын көпжылдық ө с і м д і к. Көпжылдық к е р м е к т і ң күлгін түсті гүл шоғыры да анадайдан көзге түседі (Б.Мұханов, Қазақст. ө с і м д і к.). К е р м е к т і ң тамырынан тері илейтін зат, тері және жіп бояйтын бояу алынады. Илік, бояулық, дәрілік, әсемдік өсімдік (Қаз. тілі термин. Биология). Анабаз, к е р м е к шабу жоспарларын, Ескермей жүргені анау басқармаңның. Өсіріп он процент жібек құртты, Өлді деп «ажал жетіп» – астарладың (Айтыс). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Азап, қорлық. Ақындығым емес жеке ермегім, Тым көп тарттым дүние жалған к е р м е г і н. Төгіп келем қара терді аянбай, Қатар қазып жер кені мен сөз кенін (К.Салықов, Жезкиік). Қарындас бар ұқсайтын маған түрі: Қырдың гүлі, қазақтың қалампыры. Әкем ерте өлгенмен, амал қанша, Бәрін көрген к е р м е к т і ң анам тірі! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).