Керне

lat: Kerne

Ызаланды, ашуланды, ашу қысты, булықты. Ол содан кейін қолындағы сөмкесін а ш у  к е р н е г е н і соншалық, өзі сүйеніп тұрған шарбақтың арғы жағына лақтырып жібергісі келді. Бір-екі жолы оқталып-оқталып әрең дегенде тоқтады (М.Рахманбердиев, Ақ тілеу). А ш у  к е р н е п ақ қапшықтай денесін, Ақылыңның алды аударып кемесін. Алып ұрды шоқпардай, бір сөзбенен Арашаға түсе берген енесін (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Ы з а  к е р н е г е н ол ұшып тұра келіп, Байғасының жағасынан ала кетіп еді, артқы шекеден тиген жұдырық ұшырып жіберді (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.). Қарсыласып ештеңе шығара алмаған Оралбай, ы з а  к е р н е г е н қалпы, тісін қайрап, көлбеп жатқан түйеге қарай жүрді (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Осылай деп Мұсабек Күш қосты тағы күшіне, А ш у  ы з а   к е р н е д і, Түк бітті оның түсіне (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).