Кеше

lat: Keshe

ү с т е у. 1.Бүгінгі күннен бір күн бұрын өткен күн. Олар бұл жерден к е ш е аттанса, бүгін қайда болар деп ойлайсыз? ? (I.Жансүгіров, Шығ.). Екі елес те ғайып болды өз дегенін ұқтырып, Ақын сонда сөз бастады ханға қарап тік тұрып: К е ш е де айтқам, тақсыр хан! (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ойлар тулап жүрегімде Мазамды алды сол кеш менің. Күт дегенше жүрерімде, Неге к е ш е сөйлеспедім. (С.Мәуленов, Алыс кетістік). Көріп тұрып алыстан К е ш е жағамды ұстап ем, Қаратасқа жабысқан Жатып еді қыпша бел, Бір қазақтың сұлуы. Сүйретіліп бұрымы (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 2. а у ы с п а л ы  м а ғ ы н а. Анау күні, алдыңғы жылдары,таяуда, жуықта. К е ш е бала ең, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа (Абай, Тол. жин.). К е ш е келіп, ел менікі, есіктен кіріп, төр менікі? демеақал). Сармоллаға к е ш е қарсы болған киізші Сейсеке, қасапшы Хасен бүгін, әсіресе, ызаланған екен. (М.Әуезов, Абай жолы). Орта ғасыр, сені айтамыз к е ш е деп, Романдар жазамыз да неше бет е т і с т і к. Орта ғасыр өле тұғын адамға Көрсететін шын жүректен қошемет (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).