lat: Keshendi
с ы н е с і м. Бір-бірімен байланысты, жүйелі. Қазірдің өзінде Қазақстан мен Ресей ғалымдарының жиырмадан астам ғылыми- зерттеу жобаларында бірлесе ізденіс жүргізілуін көздейтін к е ш е н д і бағдарлама қолға алынды (« Егемен Қазақстан»). Зауыт газ-мұнай саласына арналған құрал- жабдықтардың бәрін жасауға талпынғанымен, кей бөлшектерді алыс-жақын шетелдерден сатып алуға мәжбүр. Өйткені к е ш е н ді жұмыс істеуге ішкі мүмкіндік,өндіріс қуаты жете бермейді . Біздің ұжымның негізгі қызметі – геостационарлық телекоммуникациялық спутникті құру жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді қаржыландыру. Осы мақсатта бүгінге дейін бірқатар к е ш е н ді іс-шаралар қарастырылып, жүзеге асырылып жатыр .Қазіргі сәтте мұнда қажетті жөндеу, қайта құру, құрылыс жұмыстары к е ш е н д і түрде атқарылуда. Бухгалтерлік, жабдықтау, өндіріс, жоспарлау қызметтері жаңа технологиялық процестерге бейімделуде («Егемен Қазақстан»).