Кешігіп қалды

lat: Keshigip qaldy

Кешікті, белгілі бір себептермен кешігіңкіреді. Қаладан Иван аға келіп еді. Солармен көлге түсемін деп, кешігіп қалдым. Әшекең ұрсып жатқан шығар (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.). Құрметті профессордың ондай ойы болса, менің білетінім, ол қазір кешігіп қалды (І.Есенберлин, Көлеңке.). Қасым жаңа ғана келген әскери уәкілдің бандыдан хабардар болып, өзінің оны хабарлаудан кешігіп қалғанына қысылғандай сөз бастап: Сіз айыпқа қоя көрмеңіз. Оның жайын өзім айтып, соған тыйым салар шараны сізден сұрармын деп отыр едім. Сіз оның жайын кімнен хабарландыңыз? деп бір ыңғайсыз жайда қалған қабақ көрсетті (С.Бегалин, Замана.).