заң. Мемлекеттік жоғары билік органдарының не мемлекеттегі ең жоғары лауазым иесінің сотталушыны қылмыстық жазадан толық немесе ішінара босатуы, не оған сот белгілеген жазаны жеңілдетуі. Қазақстан Республикасы Конституцияның 15-бабының 2-тармағына сәйкес, ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза өлім жазасына кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы берілген (ҚҰЭ). Конституцияның 44-бабының 15-тармағына сәйкес азаматтарға кешірім жасау актісін Қазақстан Республикасы Президенті шығарады (ҚҰЭ).