Кешкі амандасу, сәлемдесу дәстүрі; қайырлы кеш. «Бұл кім болды екен?» деп елең ете түскен Қалампыр орнынан тұра бергенде «К е ш ж а р ы қ!» деп бір еркек пен бір әйел кіріп келді. Кеш жарық, біздің ойламаған жерде келгенімізге таңданбай-ақ қой. Мына бала Павлинкадан келіпті. Сонда тұратын атасы ауырып жатқан көрінеді. Сені әдейілеп шақырып келді. Жақын жер ғой, екеуміз барып қайтайық. Жиылғандар бірі өлең айтып, екіншілері қалжыңдасып ойын әлі қызып бастала қоймаған уақытта есіктен: «К е ш ж а р ы қ !? – деп, бір-екі жігіт кіріп келді (М.Дулатов, Шығ.). Көрші қостардың бірінен бір тықпақара сақалды жігіт келді, отырғандарға:– К е ш ж а р ы қ? – деді, отырғандар: –Ешкің арық? – деді.