Кешке

lat: Keshke

Күні бойы, күн ұзаққа, кеш болғанша. Ертеден кешке дейін қатты қара жел соғумен болды. (М.Әуезов, Абай жолы). Бәйгеге кімдер қоспады баптап өз атын, Қашанғы әдет жүйріктер ғана созатын (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Намысқа шапқан, алысқа шапқан тұлпарлар Даланың шаңын е р т е д е н  к е ш к е созатын. Қайғы, уайым барма еді жас күнімде. Кешке дейін ойнаушы ем тас түбінде. Елу менен алпысқа жеткеннен соң, Көрінесің шыққандай асу белге. Қайран жастық-ай! (К.Әзрбаев, Таңд. шығ.). К е ш к е   д е й і н енелерінің маңында, қораға жақын жерде, бақташылардың қарауында бағылады. Бұл шабыс кешке шейін болған ұдай, Елтозған біреу олай, біреу былай. Қара қайың сырықпен қайрат қылып, Жау бөгеп қайрат қыпты Қайнар, Ыбырай (I.Жансүгіров, Шығ.). Бір атты сатыға алдым елубеске, Ертеңнен болдырмайды қара кешке. Аралап неше алуан жүрсем-дағы, Өзімдей жан салмайды Ақеркешке (Қаз. әндері).