Кесір-песір

lat: Kesir-pesir

з а т   е с і м. з о о л о г и я л ы қ. <лат. sauria> Терісі ұсақ қабыршақты, құйрығы ұзынша біткен, бауырымен жорғалайтын кішкентай жәндік. К е с і р т к е Жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған (ҚҰЭ). К е с і р т к е, тышқанменен ойнаған жоқ, Күйкентай, жапалаққа жем болам деп (Айтыс). Шайла үстін жапқан кеурек пен қурайлар арасында к е с і р т к е жүргендей шытырытыр етіп басылып жатыр (Д.Исабеков, Тіршілік). К е с і р т к е л е р қаптаған Құм-шағылды аймақта Құмға төсін қақтаған Қызығамын тайлаққа (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Күркіреп күнің, күлгін жіп бері беттетер, Асыр да салар мақпалдай тықыр көкке төл, Миялы қырға, көделі бозға сен барсаң, Қара к е с і р т к е қиярша жасыл боп кетер (Ж. Жақыпбаев, Ләйлә). Сексенбай Салтанат пен олар күшке, Ой таппай ұшырарсың өкінішке. Қайткенменен к е с і р т к е г е келер әлі, Туралап тастағанмен жыланды (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).