Кету

lat: Ketý

Кет етістігінің қимыл атауы. 1. Жыраққа бару, алыстау. Елдос бұл үйден к е т у д і ойлады (А. Байтанаев, Қансонар). Қалмады енді к е т у д е н басқа амалы, (Қосқанатта Ананың қас-қабағы). Басқа жаққа к е т у г е тиіспіз (Қ. Қайсенов, Жау тылы.). Бұл жерден к е т у керек (Қорқыт.). 2. Негізгі етістіктегі істің бірден, тез болғанын білдіреді. К е т у ш і еді қатты тулап, Көргендей бір жаңа айды. Енді жүрек қайғы тұрмақ, Қуанышқа да жарамайды (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Есімін «Балдырған» деп атап жүрмін, Кездеспей, көптен бері ақап жүрмін. Таңертең Алатауды аттап өтіп, К е т у г е іздеп қана тақап жүрмін (К.Салықов, Жезкиік).