з а т е с і м. з о о л о г и я л ы қ. Қиыр Шығыс суларында өсіп-өнетін, лосось балықтары тұқымдасына жататын еті қызғылт ірі балық. Мысалы, к е т а балығының ұясының аумағы 2,5 метр, ені әдетте 1,5 м., тереңдігі балықтың бойымен бірдей (Ж. Әбиев, Биология.). Ананың жаңағы асау шортанын мұның к е т а с ы бір соғып сұлқ түсіріп немесе жұтып қойғандай жым-жырт (Ж.Тілеков, Хинган асуы.).