кетір етістігінің қимыл атауы. 1. Болдырмау, құрту. – Қойшы, қайдағыны айтпай… Сонда сен бетіңнің безеуін к е т і р у үшін үйленесің бе? Айман тағы бірдеңе айтпақ болып, аузын аша беріп еді, үлбіреген ыстық еріндерін сүйіс көміп кетті де, тіл шіркінге ерік бермеді (Қ.Жұмаділов, Саржайлау). 2. Аластау, жолатпау, қуу. Асқардың үстінен Сарыбас та арыз айдап, оны бұл арадан к е т і р у д і өтінді (С.Мұқанов, Ботагөз). 3. Өшіру, дақ, белгі, таңбаны жоқ қылу. Дақты к е т і р у үшін арнайы химиялық қоспалар пайдаланылады (Шаңырақ энцикл.).