Кезде

lat: Kezde

е т і с т і к. Матаны кезбен өлшеу, кезге салу, метрлеу. Түйе бақыртқан, тері сүйреген, аттың тісін ашқан, қой қосақтаған, кездеме к е з д е г е н, бақал қыдыртқан адамның алыс- берісі құжынап, бейне қарақұрттың ұясын еске түсірді (I.Жансүгіров, Шығ. жин.). Андрей қолының күші жеткенше шерттіре к е з д е п т і (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).