Кездесу

lat: Kezdesý

ә с к е р и. з а т е с і м. 1. Көпшілікпен бас қосып, әңгіме, естелік айту т.с.с. арнайы ұйымдастырылған шара, кеш. Көзіне тағы да сайлаушылармен болатын к е з д е с у елестеді (К.Баялиев, Дегелек.). Қарт большевиктер Ғайнолла Иманғалиев, Әмірғали Байдәулетов, Құлмұқан Есқалиевтармен өткізілген кездесулер есте қаларлықтай болды (А.Байболатов, Жарыс.). Жақында Абай атындағы Қаскелең қазақ орта мектебінде қызықты к е з д е с у болып өтті («Қазақст. мұғ.»). 2. с п о р т. Командалар, ойыншыөар арасында болатын жарыс, бәсеке, айқас. Олар шетелдің футболистерімен к е з д е с у өткізуге аттанды деп едің ғой анада бір (З.Жәкенов, Таң самалы). Сөйтіп бұл к е з д е с у 3:0 есебімен Алматы студенттерінің пайдасына шешілді («Спорт»).