Кездесу шебі

lat: Kezdesý shebi

ә с к е р и. а) Бір-біріне қарама- қарсы бағытта шабуылдаушы өз әскерлерінің екі тобының түйісуі болжанатын немесе түйісуі болған шартты желі. К е з д е с у  ш е б і қарсыласты қоршауға алу әрекеттері, оның қоршаудағы топтастықтарын бөлшектеу немесе жою, әскерлердің қоршаудан шығу, шабуылдауда десанттармен кездесу кезінде тағайындалады (Қаз. тілі. термин. Әскери.). ә) Қарама-қарсы ұрыс (шайқас) барысында екі жақ әскерлерінің түйісулері болжанатын немесе болған жергілікті жер алқабы.