Кездес

lat: Kezdes

е т і с т і к. 1. Кезігу, ұшырасу, жолығу. Соған жолығайын деп үйден шыға бере Орынбасардың үлкен ағасы Ақжолмен к е з д е с і п қалдым (Ж.Молдағалиев, Тыңдағы.). Онда ертең дәл осы жерде к е з д е с е й і к (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.). Сол адаммен өткен жылдың Бірінші Майы алдында тағы к е з д е с т і м (К.Қазыбаев, Дәуір аты.). 2. Тап болу, ұшырасу, душар болу. Әлден уақытта тағы да бір күртікке к е з д е с т і м (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Өмірде алуан түрлі күтпеген жайлар к е з д е с е береді (К.Туғанбаева, Алтын.). Мұнда қазақ баласының тұтқыннан қашып шыққаны, жолда бай ауылға к е з д е с і п, қонақ болғаны әңгімеленеді (Р.Бердібаев, Гүлстан).