Кезеңі келді

lat: Kezeńi keldi

Реті келді, сәті түсті. К е з е ң і  к е л г е н д е Мухеев оларға жұдырық та жұмсап жібереді деседі (С.Мұқанов, Есею жыл.). Әркімнің ойы бұрын жетіп, тізгін ұстау, к е з е ң і  к е л і п тұрғанда қошемет көрсетіп қалу еді (Д.Досжанов, Жібек.).