Кезектеп

lat: Kezektep

ү с т е у. Бірінен кейін бірін, рететімен. Олар екеуінің арасынан алауыздық туғызатынын, сөйтіп к е з е к т е п құртатынын айтысты (М.Жұмағұлов, Қыран.). Жәкең өз жайлауын жекееке өрістерге бөліп, оларды ретімен к е з е к т е п пайдаланады (Ж.Мусин, Таң нұры). Малды бір күннің ішінде к е з е к т е п, біресе табиғи жайылымға, біресе екпе жайылымға жаю керек (Шопан сырласы).