Кезектесу

lat: Kezektesý

Кезектес етістігінің қимыл атауы. Біздің жақта жалғыз кесемен ішу сән емес. Тек ілуде бір сыйлы қонағымен осылай к е з е к т е с у ш і еді (Т.Иманбеков, Үш ай.). Крахмал дәнінің қабаттанып жатысы, жоғарыдағы көрсетілгендей, күн мен түннің к е з е к т е с у і н е байланыстылығы тәжірибе арқылы анықталған (Т.Мұсақұлов, Ботаника).