Кезектес

lat: Kezektes

з а т е с і м. Кезегі, ауысымы келгенде біреудің орнына жұмыс істейтін адам, кезектесіп істеуші. Малтығандармен жарыса аз уақыт жүзген Мәншүктің есіне кейін қалған пулеметі мен к е з е к т е с т е р і түсіп, жалт бұрылып қайтып келсе, Терентий де, басқа кезектестерде манағы қалпында әлі тұр екен (С.Мұқанов, Аспаз). Жақсы, жақсы. Шойын құлақпен бірге істейтін боласың, оның к е з е к т е с і жоқ еді (Д.Исабеков, Бекет).