-align: justify;">сақтандыруда сақтанушы кінәратты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуына байланысты білдіреді. Сақтандыру тәжірибесінде мұндай кінәрат бірқатар жағдайларда «залал» деп аталады. Сақтандыру жағдайларының фактілері мен себептерін, сақтандыру жағдайының болу нәтижесінде сақтандырылған мүлікке келген залалдың мөлшерін анықтауды, сақтандыру өтемін төлеуді құжаттармен рәсімдеуді кінәратты қанағаттандыру немесе залалды жою деп атау қабылданған. Сақтандырушыға кінәратты тек сақтанушы ғана емес, сонымен қатар соның пайдасына полисте өткізу жазбасы жазылған басқа да заңды немесе жеке тұлға білдіруі мүмкін. Сақтандыру шарттарынан туындайтын кінәрат білдірудің аяқталу мерзімі полисте көрсетіледі және полис берілген елдің қолданыстағы заңнамасына негізделеді. Кінәрат түсінігіне, сондай-ақ сақтандыру жағдайының туындауына кінәлі тарапқа қойылатын кінәраттар да - регресс кіреді.