Кірпікшелі эпителий

lat: Kirpiksheli epıtelıı

бірқабатты, бір немесе көп ядролы эпителий, апикальді полюстегі клеткалардың қозғалмалы кірпікшелері болады. Бір кірпікшелі клеткада 500-ге жуық кірпікше бар. Əрбір кірпікшенің ұзындығы 10 мкм–ге дейін, 1 секунд ішінде 30 рет тербеліс жасайды. Қатар орналасқан кірпікшелілер бір мезгілде қозғалыс жасайды, нəтижесінде пластың үстіңгі жағында 102-103 мкм/с жылдамдықпен таралатын кірпікшелі клеткалардың толқыны көрінеді. Кірпікшелі эпителий көпклеткалы жануарлардың көптеген топтарында мысалы, нематод пен буынаяқтыларда кездеседі. Сүтқоректілер мен адамдарда кірпікшелі эпителий ауа өткізгіш жолдарда, кірпікшелердің соғуы шаң–тозаңдарды шығаруға себепкер болса, жыныс жүйесінің кейбір бөлімдерінде жұмыртқа клеткасын сұйықтықтың бағытымен жылжытады.