Кісі болады

lat: Kisi bolady

Келешегі бар, жөні түзу, адам болады. «Мына шіркінді к і с і б о л а д ы деп жүрсек, қаңғырып жүрген лөктір қатынның шапанын қағып жатыр ма, немене өзі!» (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). «Кісі болмас кісіні мүшесінен танимын, к і с і б о л а р кісіні кісесінен танимын» деп те айтылған аталы сөздер бар (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). К і с і б о л а р баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар. Ақыл қуып сөз бастайын деген бала екенсің, атқа мініп, ел бастайын деген бала екенсің, депті Малайсары Сырымға («Лен. жас»).