Кітаптағы сигнатура

lat: Kitaptaǵy sıgnatýra

баспатабақтың рет санын көрсететін нөмірі. Ол бірінші беттің сол жақ төменгі бұрышына және әрбір баспатабақтың үшінші бетінің сол жақ немесе оң жақ төменгі бұрышына қойылады. Үшінші беттегі сигнатура жұлдызшамен қоса қойылады. Кеглі 8 пункттік баспаәріппен теріледі.