климактерия, адамда жəне маймылда жыныстық жетілуден қартаю жасына өту кезеңі. Климакс көптеген жануарларда байқалмайды, яғни, жыныстық қызметінің төмендеуінен тез арада қарттық жəне өлу туындайды. Ұрғашы маймылдарда (резутар, гамадрилдер, шимпанзе) климакс əйелдердегі сияқты менопаузамен (менструальді циклдің, овуляцияның, жүкті болу мүмкіндігінің төмендеуі) аяқталады. Менопаузада ұрғашы маймылдар əйелдер сияқты жалпы өмір ұзақтығының ⅓ шамасында тіршілік етеді. Əйелдерде климакс орташа 48 жаста басталады. Еркектерде климакс кеш жүреді, сондықтан ұрпақ беру қабілеті көп уақыт сақталады. Климакс кезінде екі жыныстада нервтік жəне гормональді жүйе қайта қалыптасады.