Клиринг

lat: Klırıń

-align: justify;">өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке жатқызудың негізінде тауарлар, бағалы қағаздар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Банкаралық клиринг (аталған елдің заңды тұлғаларының өзара ақшалай талаптарын есепке жатқызу жолымен банктердің арасындағы есеп айырысу) және халықаралық валюталық клиринг (сыртқы саудада және елдердің арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарында халықаралық төлем жасау келісімдерінің негізінде жүзеге асырылатын есеп айырысу) болады. Биржалардағы клирингілік есеп айырысу жүйелері кеңінен қолданылады. Арнайы клирингілік палаталар, орталық банк немесе аса ірі коммерциялық банктер арқылы, ал бір банктің бөлімшелерінің арасында - бас кеңсенің клирингілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады.