зат. экон. Тараптардың өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алуына негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Ол банк және валюта к л и р и н г і болып екіге бөлінеді. Банк к л и р и н г і н і ң ерекшелігі сол, мұнда банктер бір-бірімен төлемдер сомасы мен келіп түскен ақша сомасы арасындағы айырма көлемінде есептесіп отырады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Экономика). Ал валюта к л и р и н г і бірнеше елдің арасындағы сыртқы сауда немесе басқа да экономикалық байланыстар кезінде туатын халықаралық қолма-қол ақшасыз есеп жасауды реттеп отырады (Орыс.-қаз.түсінд. сөздік. Экономика). Қазіргі кезеңде халықаралық к л и р и н г ең алдымен ұлттық валюталары айырбасталмайтын, СКВ (ЕАВ) мен алтын қоры шектеулі елдерде қолданылады (ҚҰЭ).