Клиренс

lat: Klırens

қан плазмасының белгілі бір заттан тазаруы. Клиренс деңгейі 1 минут ішінде белгілі бір заттан тазарған қан плазмасы мөлшерімен (мл) анықталады. Жалпы плазмалық клиренс бүйрек, бауыр т.б. мүшелер əрекетімен атқарылады жəне зат алмасу процесі барысында организм арылуға тиісті заттардың ыдырауы, өздерінің бастапқы қасиеттерін жоюы нəтижесінде жүреді. Плазмалық клиренсті венаға арнайы жіберілген заттардан қан плазмасының тазару, арылу динамикасын бақылау арқылы анықтайды.