XVII — XIX ғ.ғ. өнерде қалыптасқан бағыт. Классицизмге рационалдылық шығармашылықтың қалыпқа түскен түрі, монументальдық, стиль айқындығы, композициялық тепе-тендік, форма үндестігі тән. Солай бола тұра, классицизмге үлгілі схема мен идеалдылық та тән. Классицизмнің бейнелері эстетикалық тұрғыдан көп түсті, түрлі құбылысты бола алмайды: оған көпқырлылық, әсемдік, интеллектуалдылық және эмоционалдылық жағынан тығыздық тән емес. Классицизмде дүниенің көркемдік концепциясы рационалды және тарих кезеңіне тәуелді емес. Сондықтан да, классицизм туындылары, антиктік пе, римдік пе, қай дәуірдікі екеніне қарамастан, үздік, көрнекті үлгі ретінде қабылданады. Классицизмде дидактикалық сарын, ғибрат айту, азаматтық пафос, мемлекеттік концепция, ой қуатына сену, моральдық және эстетикалық бағалауда нақтылықпен айқындық басым. Классицизм принциптері өнердің барлық түрлерінде берік орын алған.