КЛАССИЦИЗМ

lat: Klasısızm

зат. тар. Батыс Европада 17-18 ғасырлардағы өнер мен әдебиеттегі классикалық (ежелгі грек және ежелгі Рим) өнерді цлгі етіп алган бағыт. К л а с с и ц и з м г е тән негізгі ерекшелік көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теориясы). К л а с с и ц и з м н і ң жолы сол жазушы жазғанда, қылдан таймай, белгілі үлгімен жазады (С.Сейфуллин, Шығ.). 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында к л а с с и ц и з м идеялық дағдарысқа ұшырады (ҚҰЭ). К л а с с и ц и з м XVIII-ХІХ ғасырдың басындағы өнер мен әдебиеттегі көркем бағыт, оған жоғары азаматтық тақырып, кейбір шығармашылық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау тән. Бұдан к л а с с и ц и з м г е антикалық дәуірдің табынушылығы: көне классика онда өнердің кемел де үйлесімді үлгісі ретінде беріледі (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Әдеби ет. ).