Классификация

lat: Klassıfıkasıaá

(лат. classis разряд және fасеге жасау) бөлудің әлдебір жиынтығын (кейбір кластарды түрге бөлу, осы түрлердің әрі қарай бөлінуі және т. т.) болып табылатын ұғым аумағын бөлудің логикалық операциясы, қолданудың ерекше көрінісі. Классификация қандай болса да ғылымда немесе практикалық қызмет саласында тұрақты қолдануға аралады (мысалы, жануарлар мен өсімдіктерді, қоғамдық-экономикалық формациядарды классификациялау немесе кітап қоймаларында кітаптарды классификациялау). Әдетте классификацияда бөлудің, негіздері ретінде сол заттар үшін мәнді белгілер таңдап алынады. Бұл ретте классификация (табиғи аталады) заттардың елеулі ұқсастықтары мен олардың арасындағы айырмашылықтарды айшықтайды әрі олардың танымдық мәні болады. Классификация заттарды жүйеге келтіруді ғана мақсат ететін басқа бір реттерде осы мақсат үшін ғана қолайлы, бірақ заттардың өздері үшін мәнсіз белгілер (мысалы, алфавит каталогтары) негіз ретінде таңдап алынады. Мұндай классификация жасанды классификация деп аталады. Түрлер арасындағы байланыс заңдарын талуға, даму процесінде бір түрден екіншісіне көшуге негізделген классификация ең маңызды классификация болып табылады (мысалы, Менделеев жасаған химиялық элементтерді классификациялау). Елеулі белгілері бойынша классификациялау типтендіру (типология) делінеді, ол зерттеліп отырған реалдылықтың тарихи дамушы объектілердің нақты үлгілерін бөлшектеудің бірліктері ретіндегі тип ұғымына негізделеді (биологиялық тіл, мәдени зерттеу және т. б. типология). Классификация әдетте түрлер арасындағы шын мәніндегі қырлардың аздап анайылалған көрінісінің нәтижесі болып табылады, өйткені олар әр кез шартты және салыстырмалы түрде болып келеді. Білімнің дамуына байланысты классификация нақтыланып, өзгеріп отырады.