инф. Әрбір операцияга керекті бастапқы деректер мен бағдарламалар клавиатурадан қолмен теру арқылы іске асырылатын есептеу мәшинесі. Кл а в и ш а л ы е с е п т е у м ә ш и н е с і н д е аса күрделі емес, біртектес есептер (арифметиканың 4 амалы бойынша) шытарылады (Қаз. тілі термин. Информатика). Арнаулы к л а в и ш а л ы е с е п т е у м ә ш и н е л е р і болады. Ал кейбір түрлерінде информацияны перфонартада немесе перфолентада енгізу және шығару қолданылады. К л а в и ш а л ы е с е п т е у м ә ш и н е с і есеп жұмысын механикаландырудың қазіргі ең көп тараған құралы саналады (Қаз. тілі термин. Информатика).