клетканың тіршілік циклі, клетканың бір бөлінуден екінші бөлінуге немесе өлгенге дейінгі тіршілік етуі. Бірклеткалыларда клеткалық цикл дараның тіршілігімен сəйкес келеді. Үздіксіз көбейетін ұлпа клеткаларында клеткалық цикл митотикалық циклге сəйкес келеді жəне қатаң түрде бірін–бірі алмастыратын төрт периодтан тұрады: синтез алды немесе постмитотикалық (G1, ағылшын тіліндегі grow – өсу, ұлғаю), синтез (S, ағылшын тіліндегі synthesis – синтез), постсинтетикалық немесе премитотикалық (G2) жəне митоз (М). G1–периодта транскрипция жаңаруы жəне синтезделген белок жиналуы, сонымен қатар ДНҚ синтезіне дайындық негізінде клетканың белсенді өсуі жəне түзілуі жүреді. S–периодта ДНҚ репликациясы жəне хромосома материалының екі еселенуі жүреді. G2–периодта клетка бөлінуге дайындалады. Соңғы сатының нəтижесінде клеткалық цикл – митоз – редуплицирленген хромосома еншілес клеткаларға ыдырайды. Клеткалық циклдің ұзақтығы жəне оның периоды көбейіп жатқан клетка 10-50 сағатта жəне клетка типіне, оның өсуіне, организмнің гормональді балансына, ядродағы ДНҚ санына, температураға, тəулік уақытына жəне басқа факторларға байланысты. Уақыт бойынша біршама вариабельді G1– жəне G2–периоды болып табылады, олар ұзаруы мүмкін. Тыныштық периодымен бірге клеткалық цикл апта жəне айлар бойы ұзаруы мүмкін, ал нейрондарда клеткалық цикл организмнің өмір ұзақтығына тең.