КНЯЗЬ

lat: Knáz

зат. тар. 1. Бцрыжы Русьтағы әскер басшысы, феодалдық Русьта болған облыс билеушісі. 1480 жылы өз еркін өзі алған, орыс елін билеген орыс к н я з ь д е р і содан кейін таққа таласып, жауласып шабысқан хандардың бір жағына көмек беріп жүреді (С.Сейфуллин, Шығ.). К н я з ь Юсуповтың жерінде небәрі үш деревня болды. Мұнымен қатар балық аулау кәсібімен айналысқан жеті ватага болды (ҚазССР тарихы). 2. Князь црпақтарына берілген атақ. Русьте, Литвада мемлекет билеушісі ұлы к н я з ь, қалғандары аймақтық к н я з ь д е р деп аталды (ҚҰЭ). К н я з ь атағы 1917 ж. 10 (23) қарашада Кеңес үкіметі декретімен жойылды (ҚҰЭ).