Кодон

lat: Kodon

белок молекуласын синтездеу барысында амин қышқылының орналасу ретін анықтайтын үш азотты негізден құралған жүйе. ДНК құрамындағы төрт түрлі азотты негіз (аденин, гуанин, цитизон, тимин жəне РНК-дағы тимин орнындағы урацил) үш-үштен топтаса отырып 64 кодон түзе алады. Кодонның осы саны табиғатта белгілі 20 амин қышқылдарының орналасу тəртібін жұмбақтап жазуға (кодпен жазуға) əбден жеткілікті.