Коллаген талшықтары

lat: Kollagen talshyqtary

жануарлар организмінің дəнекер ұлпасындағы талшықтардың түрлері. Фибробластар, хондробластар, остеобластар синтездейтін коллаген белоктарынан түзіледі. Коллаген талшықтары фибриллдердің шоғырынан тұрады, əрбір фибрилла протофибриллден түзіледі. Коллаген талшықтарында кезең сайын (64 нм сайын) күңгірт жəне ашық аймақтар (сызықтар) кезектесіп орналасады. Клеткадан тыс аймақта тропоколлагеннің полимеризациясынан қалыптасады. Коллаген талшықтары берік, серпімділігі өте аз, механикалық (тіректік) қызмет атқарады. Шеміршекте коллаген талшықтарын хондринді коллаген талшықтары, сүйекте оссеинді коллаген талшықтары деп атайды.