КОММЮНИКЕ

lat: Komúnıke

зат. Халықаралық келісімдер туралы укіметтік ресми хабар. К о м м ю н и к е мемлекеттер арасында болған дипломатиялық келіссөздер, жасалған келісімдер, соғыс операциялары және басқалары туралы ресми хабар (Саяси сөздік). К о м м ю н и к е қысқа да немесе көлемді, жан-жақты да болады (Саяси сөздік). К о м м ю н и к е халықаралық сипаты бар құбылыстар туралы ресми хабарлау (ҚҰЭ).