Комуч

lat: Komých

Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті. 1918 ж. маусым айында Самара қаласында өздерін «уақытша билік» деп жариялаған ақ гвардияшылар мен эсерлердің үкіметі. Олар кеңес үкіметінің декреттерінің күшін жойып, өндіріс орындарын, банктерді, сауда орындарын иелеріне қайтарып беру жөнінде шешім шығарды. Комучтің билігі Самара, Саратов, Симбирск, Қазан, Уфа губернияларына таралды. Алашорда үкіметі Комучпен әскери-саяси одақ құрды. Уфа директориясы құрылған соң Комуч «Құрылтай жиналысы мүшелерінің сиезі» деп аталынды. Бұл 1918 ж. желтоқсан айында таратылды.