“мен”-нің өзін басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ қазіргі француз персонализмінде мейлінше толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар (К.Ясперс, Б.Больнов, Э.Мунье) негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жаққа бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз — адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. “Контрактының орнына жанасым” (Ф.Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.