белгілі бір арна арқылы ақпарат көзінен алушыға ақпарат жасауға, беруге және қабылдауға мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл процесі және қарым-қатынас тәсілдері; түсінуге қол жеткізу процесі (А. Баркер). Адамдар арасындағы байланыс қарым-қатынас түрінде жүзеге асырылады. Коммуникация функциялары-апеллятивті, өзара әрекет ету, ерік білдіру, әсер ету, ақпараттық, перформативті, ынталандыру, прагматикалық, реттеуші, салт-дәстүрлік, өзін-өзі таныстыру, байланыс орнату, экспрессивті. Бұқаралық коммуникацияға қоршаған ортаны шолу, қоғамның әлеуметтік құрылымдарымен корреляциялау, мәдени мұраны беру, ойын-сауық, жұмылдыру, қоғам қызметін оңтайландыру, топтық сананы қалыптастыру, әлеуметтік бақылау, тұлғаны әлеуметтендіру функциясы беріледі.