КОММУНИКАЦИЯ

lat: Komýnıkasıa

бұл да қарым-қатынас; адамзат қоғамындағы ақпараттарды беру және қабылдау. Коммуникация қоғамда адамдардың араласу, ойларымен, идеяларымен, деректерімен бөлісуі т.б. Еңбек ету мен танымдық процесс барысында адамдар арасында болатын қатынастардың ерекше бір түрі. Жануарлар коммуникациясына қарағанда адамдардың коммуникациясы тілге негізделген коммуникация коммуникативті актілерден (коммуникация бірлігі) құралады, ал коммуникацияны жасаушылар коммуниакттар деп аталады. Коммуникацияның бастапқы және соңғы кезеңдері ұлт тілінің құралдары арқылы жасалып, ішкі сөйлеу механизміне, оның тереңде жатқан құрлымдарына тәуелді болады. Ұлттық тіл ерекшеліктері жалпы адамзатқа тән мағына жасау жүйесіне бағынышты болады. Коммуникаттар арасында сөздік (вербалды) емес бөліктер де (мысалы, ым, қимыл, мимика т.б.) қолданыс табады. Қалай болғанда да, коммуникация экстралингвистикалық факторлар (жағдайдың нақтылығы, ұлттық-мәдени дәстүр) негізінде жасалады. Сонымен бірге, коммуникация екініші семантикалық жүйе құралдары арқылы (ғылым тілі, музыка ноталары, ойын ережелері, морзе әліппесі, ЭВМ бағдарламалары) немесе понтомима, жест жүйесі арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Коммуникация ұғымы информация (хабар) теориясында, «жасанды интелект» мәселесінде де адам және компьютер жүйесінде де пайдаланылады. Бұлар коммуникацияны «араласу» синонимі ретінде түсінеді.