КОММУНА

lat: Komýna

зат. тар. 1. Еңбек, мүлік ортақтығы бойынша бірлескен адамдар ұжымы. Комсомол ұясы бұл кезде оқу мен еңбекке, бүкіл к о м м у н а өміріне ұйытқы бола бастаса, бұл оның едәуір өскенінің айғағы еді (Ж.Арыстанов, Естен кетп.). 2. Батыс Еуропаның ірі қалаларында өзін-өзі басқару еркіндігін алған қауымның атауы. К о м м у н а л ар д ы қалалық к о м м у н а л ар деп атаған (ҚҰЭ). 3. 1920-30 жылдардағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қозғалысының бір түрі. Артельдік формадан к о м м у н а ғ а аттап өтіп, барлық ұсақ малды, үй құстарын және басқаларды... қоғамдастырушылық аз болған жоқ (КПСС тарихы). Қазақстанда Совет өкіметінің нығаю дәуірінде ең тұңғыш коллективтік шаруашылықтар ең алдымен к о м м у н а түріндегі шаруашылықтар пайда болдыазССР тарихы).