КОММУНАЛДЫҚ

lat: Komýnaldyq

сын. Қала шаруашылығына, өндірістік пункттерге қатысты. К о м м у н а л д ы қ қажеттің өтелуі жақсара түсті («Лен. жас»). Тұрғын үйлердің жайлы, к о м м у н а л д ы қ және тұрмыстық қызметтердің жанақты, мәдениетті болуын талап етеді (Ш.Әмірәлиев, Жақсы мінез.). Орталық көшелердегі қазіргі зәулім болып өскен биік талдарды, саялы ағаштарды сондағы аудандық к о м му н ал д ы қ шаруашылықтың қызметкерлері отырғызған еді (Ш.Байбатшаев, Бел-белес.). Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: к о м м у н а л д ы қ меншікті басқару (ҚР Конституциясы).