КОММУТАТОР

lat: Komýtator

зат. 1. физ. Электрлік тізбектің жалғанар ұшын таңдап алуға және оны өзге тізбекпен жалгастыруга, ажыратуш, ауыстырып қосуга арналған құрылғы. К о м м у т а т о р л а р байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру жән е т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналғаназ. тілі термин. Әскери.). К о м м ут а т о р л а р д ы сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына қарай да айырадыаз. тілі термин. Әскери.). Электрондық к о м м у т а т о р синхрондаушы генератор импульсімен басқарылады, кезектесіп, бірінен соң бірі берілетін түс айырмашылығы сигналдары арнайы сүзгіштер арқылы 1,5 млн герц жиіліктен аспайтын жиіліктегі түс тартқыш жиілік болып шығып, модуляцияланады (өзгертіледі) (М.Бекбауов, Көгілдір.). 2. инф. Байланыс торабының екі және одан көп құрылғы арасындағы мәліметтер агътының бағытът өзгертіп, жалгастырып тұратын құрылғы. Бөлмеме келіп, Тимурға телефон соғайын деп трубканы көтердім. К о м м у т ат о р д а н жіңішке, сыбызғының үніндей әйел даусы естілді (Б.Момышұлы, Шығ.). Екі қатарлы мектеп үйі, үлкен стадион мен әртүрлі спорт алаңдары, кітапхана, қонақүй, радиоторабы мен телефон к о м м у т а т о р ы осының бәрі еңбектің жемісі, зейнетті тұрмыстың сәнсәулеті (Ә.Жәмішев, Дала.). Ал к о м м у т ат о р алдында бірнеше адам үздіксіз қимылда. Олардың басқамен ісі жоқ. Бар көңілдері аппаратқа ауған («Лен. жас»).